Ассалаумағалейкүм,"Ханбали,Мәлики,Шафиғи"-деп ата-бабаларымыз ұстанған және құрметті бас мүфтиіміз көрсетіп айшықап,нақтылап берген төл мәсхәбімізді мойындамай,болмашыға талас тудырып,сүйікті Пайғамбарымыздың(саллалаху әләйһи уә сәлләм)өсиетіне қарсы шығып,екінші кезектегі болмашы нәрселерге талас тудырып жүрген бауырларымызға айтарым ойланыңыздар,күшіміз бірлікте "алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді"-деген аталарымыздың сөзін ұмытпайық ағайын,және де "бір атым насыбайға өкпелейтін" қазақ екенімізді ұмытпайық ағайын,сүйікті Пайғамбарымыз(саллалаһу әләйһи уә сәлләм)өйтіп неге айтты ойланбайсыздарма азырақ(Хадис:басшыларың хабаштық құл болса да оған бойсұныңдар,сонда адаспайсыңдар)деген жоқпа?Ал енді бұл не тартыс?Бас мүфти ханафи мәсхәбін ойынан шығарып немесе өз жеке басы ұнатқасын ұстауды бұйырмағаны анық емеспе сәл ойланған кісіге,өйтуге негіз болса да,себебі бұл мәсхәб ең жеңіл әрі басқа үшеуіне қарағанда қуатты дәлелдері бар емеспе?сүйікті Пайғамбарымыздың(саллалаһу әләйһи уә сәлләм):Негізінде Ол-дін жеңіл деген сөзіне және Дінді қиындатпаңдар жеңілдетіңдер деген сөзіне дәлме дәл келмейме?бірақ,алайда Бас мүфтиіміз бұл мәсхәбті Ислам діні халқымыздың тамырында жатқанын дәлелдеу үшін бекіткен жоқпа?!Елбасымызда "дініміз Ислам,мәсхәбіміз Әбу Ханифа"- деген жоқпа.Енді не дәлел керек???Өйтіп болмашы нәрсеге дау тудырғанша,бірлігімізді бекемдеп анау тура жолды таба алмай жүргендерді,сол Жолға салу үшін барымызды салып,соған себепкер болуға тырыспаймызба?