Ибн Мәжәнің хадистер жинағындағы Үмм әл-Мүнзир бинт Қайс әл-Аңсаридан риуаят етілген хадисте:Бірде біздің үйге Алланың Елшісімен(саллАллаһу әләйһи уә сәлләм)ауруынан жаңа жазылып келе жатқан Әли (радый Аллаһу әнһу)келді.Оларға құрма ұсынылғанда олар жей бастады,сол кезде Алланың Елшісі (саллАллаһу әләйһи уә сәлләм) Әлиге (р.а):"Сен дертіңнен айығып келесің ғой мұны жеме",-деп Оны райынан қайтарғанша бірнеше рет қайталап айтты.Содан кейін мен оларға уыт сорпасымен қант қызылшасын дайындап бердім,сонда Алла Елшісі (саллАллаһу әләйһи уә сәлләм) Әлиге (р.а):"Ал дәл осы саған көмектеседі",-деді.Бұл хадистен біздің көретініміз тағамдардың әр түрлі қасиеттерімен,дәрілік заттардың уақытылы және орынды қолданылуында,бұл туралы дәрілік өсімдіктердің қасиеттері бөлімінде егжей-тегжейлі баяндалады.Басқа бір хадисте Алла Елшісінің(саллАллаһу 'әләйһи уә сәлләм):"Егерде Алла Тағала бір құлын жақсы көрсе,сендердің ауруларыңды тамақпен судан қорғағандарыңдағыдай,Ол да оны фәнилік(дүниелік) нәрселерден қорғайды",-деп айтқаны баяндалады,бұған қоса Тирмизидің хадистер жинағындағы Ұқба ибн Амр риуаят еткен хадисте Алла Елшісі(саллАллаһу 'әләйһи уә сәлләм):"Ауруларыңды аспен суға қинамаңдар,өйткені оларды Субхана Алла Тағала сусындатып қоректендіреді",-дегені айтылған.Егерде ауру адам тамақ ішпесе бұл оның тәбетінің жоқтығы немесе көңіл күйінің жоқтығында,бұл өз кезегінде ауру ағзаның дертпен күресіп жатқандығының белгісі.Бұндай жағдайларда ауру адамды аспен суға қинауға болмайды.Адам ағзасын қан қоректендіріп отырады,ал өт сұйықтығы дегеніміз-ол шикі қан,ол бауырмен үнемі бөлініп отырады.Ауру адамның ағзасында осы өт сұйықтығы көп мөлшерде болады,ал тамақ ішпеген кезде ағза осы сұйықтықты қанға айналдыра бастайды,сөйтіп ағза өз жұмысын өзі реттеп,өзін қоректік заттармен қамтамасыз етеді.Ағзаның өміршеңдігін және тәннің саулығын қамтамасыз ететін күш пайда болады.Осыған Пайғамбарымыз(саллАллаһу 'әләйһи уә сәлләм)туралы мына бір хадис те меңзейді: "Ол қатарынан бірнеше күн ауыз ашпастан ораза ұстайтын,бірақ қасындағыларға өйтуге рұқсат етпейтін,онысын сұрағандарға:" Мен сендер сияқты емеспін,мен Раббымның көлеңкесіндемін,мені Раббым қоректендіреді",-деп түсіндірген.
"Пайғамбар медицинасы" кітабынан,авторы
Ибн Каййим әл-Жаузи,орысшаға аударған
Дәуіт Қадыров,қазақшаға аударған Ізтілеуов Ж.