Бункердегі періште!(болған оқиға).
Бункердегі періште!(болған оқиға).

    Әрбір адамның үш жүзден астам періштесі болады екен,періштелер адамдарды түрлі пәлелерден қорғайды екен,олар әсіресе кішкентай балалармен,қария адамдарды қорғап жүреді,себебі олар әлжуаз қорғауға мұқтаж.

   Тентектеу болып өстік.Тоқсаныншы жылдар шамасы болатын,балалық шағымыздың жаймашуақ күндерінің бірі еді.Ол заманның балаларын Тұрсынбек Қабатов замандасым бір әзілінде айтпақшы:"Біздің үйде де бала  бар екен ғой деп",-кешке бір ақ әке-шешелеріміз іздейтін,себебі әке-шешеміз таңертеңнен кешке дейін жұмыста,біз күндізаққа өзімізге-өзіміз қалдырылатын болатынбыз.Бір күні көршілес әрі құрдас досым Ілияс,оның інісі Мирас үшеуіміз ойнап жүрген едік,содан көшеден аңшы мылтығының су жаңа оғын тауып алдық.Білген кісіге ол үлкен,іші бытыраға толы оқ.Тағы бір Нурбол деген Ілияс екеуімізден бір-екі жас үлкен көрші досымыз сол күні қасымызда жоқ.Содан үшеуіміз келісіп оққа "испытание" жасамақ болдық,"полигонды"-да таңдап алдық.Ол біздің үйдің ауласындағы әкем күзде малға деп,жем төгетін ескі "Нива" комбайнының бункері еді.Сол кез жаз мезгілі болғандықтан,оның ішінде жем жоқ болатын.Содан үшеуіміз ағаштың жаңқалары,картон,кураған шөп сияқты түрлі отындарымызды алып бункерге түсіп,үстімізден есігін жауып алдық.Оның іші тар болатын,содан түрлі отынды бір жерге үйіп,үстіне оқты қойып,астынан от жағып тұтатып,үшеуіміз оттың үш жағынан қоршап отырып,оқтың үстінен төніп не болар екен,-деп,қарап отырмыз.Қанша уақыт өткенін білмеймін,бір мезгілде "ТАРС" еткен "қатты" дыбыс шықты..үшеуіміз отырған жерімізде шалқамыздан құладық,кішкентай кезінде ойнағандар болса білер,бункердің ішінде дауыс қатты жаңғырады,себебі ол қаңылтыр...Білмейміз не болғанын,үшеуіміз бір-бірімізді итере сыртқа шықтық,ол көріністі соғыс киноларындағы танкке снаряд тигеннен кейінгі танкисттердің танктің люгін ашып сыртқа шыққанымен салыстыруға болатын шығар,себебі комбайнның бункерінің люгі сондай тек салмағы жеңіл болғаны болмаса...Дәл сол кинолардағы контузия алған танкисттердің күйін кешкендейміз,құлағымыз шыңылдап ештеңе естімейді..Басымыз мең-зең...

     Әлі күнге таң қаламын,қалайша аман қалдық,-деп.Бытыра оқ жарылғанда көзіміз шықпай,еш жерімізге зақым келмеді,Аллаға шүкір!!!Мүмкін періштеміз қақтыма,кім білген!!!???(Болған оқиға).

Ізтілеуов ЖанболатІзтілеуов Жанболат
3 года назад 2454
0 комментариев
О блоге